Көптілді білім беру–уақыт талабы

Қазіргі еңбек нарығы мамандардың құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігіне жеткілікті дәрежеде қатаң талап қойып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспары бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамдағы білім беру секторының бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық әлеуетінің өсуі үшін білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуға біртіндеп көшу мақсатын атап айтты. Бұл тапсырманы орындау үшін қазақстандық дәстүрлі білім жүйесін ең жақсы деңгейде сақтап, сонымен бірге білім сапасының дейгейін халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз етіп, студенттердің тілді меңгеру деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, лингвистикалық сана мен тәрбие беруді қамтамасыз ету.

Өзара байланысты және әлемде өзара өмір сүру қабілетін артыратын жас ұрпақ үшін тиімді құрал болып отырған көп тілді білім беру жүйесіне көп көңіл бөлініп келеді.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында 19 мектеп үш тілде білім алуда, сондықтан да педагогикалық кадрларды үш тілде даярлау мәселесі күрт өсіп отыр.

Болон үрдісі контексінде Білім және ғылым министрлігінің біздің мемлекетіміздің жоғары білім беру жүйесіне жүктелген міндеттеріндегі көп тілді білім беруді іске асыру университеттің жұмысы үшін алғышарт болып отыр.

2012-2016 жылдарға арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де көптілді білім беру жүзеге асыру бағдарламасы БҒМ ҚР ұсынысы бойынша құрылды (30.07.2012 ж. №03-3/2280 БҒМ ҚР).

Бағдарламаның мақсаты: Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептер үшін Назарбаев зияткерлік мектептері үшін кәсіби қазақ, орыс және ағылшын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

2012 ж. 1 қыркүйегі мен 2015ж. 1 қыркүйегі аралығында төмендегі жұмыстар атқарылды:

1. Бағдарламаға сәйкес көптілді топтар ашылған мамандықтар-дың саны, көп тілді топтарда білім алушылар саны, көптілді топтарда сабақ беретін оқытушылар саны өсті.

2012-2013 оқу жылында 5В010900 «Математика» мен 5В011000 «Физика» мамандықтары бойынша 16 студент арнайы бөлімге ауыстырылды және жаңадан көптілді білім беру тобы құрылып, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сабақ жүргізіледі.

2013-2014 оқу жылында көптілді топқа 4 мамандық бойынша 36 студент қабылданды «Математика», «Физика», «Информатика», «Химия».

2014-2015 оқу жылы көп тілді топқа 119 студент 7 мамандық бойынша қабылданып оқыды «Математика», «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология», «География», «Педагогика және психология»

2015-2016 оқу жылы 215 студент 15 мамандық бойынша білім алуда.

 

Факультеті

Мамандық атауы

Студенттер саны

1

Физика-математика

5В010900-Математика

28

   

5В010900-Физика

27

   

5В060200-Информатика

4

   

5В0111000-Информатика

18

   

4 мамандық

77

2

Жаратылыстану-георафия

5В011200- Химия

11

   

5В060600 -Химия

13

   

5В011300- Биология

28

   

5В011600-География

13

   

5В072100- ОЗХТ

6

   

5 мамандық

71

3

Филология

5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

9

   

5В020500- Филология: орыс тілі

5

   

2 мамандық

14

4

Педагогика

5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

7

   

5В010200- «БОПӘ»

15

   

5В010300- Педагогика және психология

27

   

3 мамандық

49

5

Тарих, экономика және құқық

5В050800 Есеп және аудит

4

   

1 мамандық

4

Барлығы:

5 факультет

15 мамандық

215 студент

Ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылар саны көбейді.

2013-2014 оқу жылында – 10 оқытушы:

2014-2015 оқу жылында – 17 оқытушы;

2015-2016 оқу жылында – 22 оқытушы.

2013-2015 жыл аралығында Университетте студенттер мен ПОҚы үшін тілдік курстар ұйымдастырылған 191 студент және 149 оқытушы өтті.

Біліктілікті арттыру мақсатында, соның ішінде тілдік дайындықты арттыруда университетіміздің 54 ПОҚ-ы «Өрлеу» және академиялық ұтқырлық арқылы алыс шет елдердің жоо-ларына барды.

Академиялық ұтқырлық бойынша 35 оқытушы Ресей Федерациясының серіктес жоғары оқу орындарынан және және шетелден шақырылды.

Кафедраларда көптілді білім беру мәселелері бойынша тұрақты семинарлар өтіп тұрады.

Көп тілді топ мамандықтары бойынша 3 тілде модульдық ЖОЖ-ы жасалған.

Көп тілді бағдарламамен оқитын білім алушыларға бітірушінің құзыретті-тілдік моделі құрастырылған.

Көп тілді мамандықтар бойынша ББ тілдік құрылымы жасалды.

Мамандықтар

Орыс тіліндегі кредит саны

Қазақ тіліндегі кредит саны

Ағылшын тіліндегі кредит саны

5В050800 Есеп және аудит

44

48

37

5В010300 Педагогика және психология

43

49

37

5В010200 БОПӘ

42

50

37

5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

45

45

39

5В010900 Математика

39

53

35

5В011000 Физика

43

50

36

5В011100 Информатика

43

42

44

5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

30

61

38

5В060600 Химия

43

50

36

5В072100 ОЗХТ

33

64

32

5В011200 Химия

41

48

40

5В011600 География

46

43

40

5В011300 Биология

42

43

44

5В020500 Филология: орыс тілі

70

27

32

Студенттердің тілді меңгерулері үшін деңгейлік модель енгізілді.

Көп тілді топтағы студенттер серіктес жоо-ларға семестрлік оқуға бара алады.

2014-2015 оқу жылында 14 студент шетелде семестрлік оқудан өтті: Лондон басқару және ғылым академиясы (Ұлыбритания, Лондон қ.); Миссисипи алаңының мемлекеттік университеті (АҚШ, Итта Бена қ.); Отто фон Герике атындағы университет (Германия, Магдебург қ.); Йоганнес Гуттенберг атындағы университет (Германия, Майнц қ.); Салоникидің Александрийск технологиялық университеті (Греция); Ұлы Казимир атындағы университет (Быдгощ қ., Польша); Николай Коперник атындағы университет (Торунь қ, Польша).

64 студент Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында оқытылды - М.Акмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Уфа қ., РФ); Астрахань мемлекеттік университеті (Астрахань қ. РФ); Қалмақ мемлекеттік университеті (Элиста қ., Калмыкия Республикасы, РФ); Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті; Саратов мемлекеттік заң академиясы (Саратов қ., РФ); Н.И.Ульянова атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университеті (Ульяновск қ., РФ).

2015-2016 оқу жылында шетелдік жоо-на семестрлік оқуға 9 студент жіберілді

Ұлы Казимир университеті (Быдгощ қ., Польша); Йоганнес Гуттенберг атындағы университет (Германия, Майнц қ.); Ардахан университеті Ардахан қ., Турция.

Қазіргі таңда 33 студент Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алуда: М.Акмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Уфа қ., РФ); Қалмақ мемлекеттік университеті (Элиста қ., Қалмақ Республикасы, РФ)

2014-2015 жылында «Математика» және «Физика» мамандықтарында көптілді топтардағы студенттердің алғашқы түлектері бітірді. Барлық 15 түлек жұмысқа орналастырылды:

- 3 түлек магистратураға түсті;

- 4 түлек Орал және Ақтау қ. Назарбаев зияткерлік мектебіне орналасты;

- 5 түлек Атырау, Ақтау, Орал қалаларының дарынды балаларға арналған гимназиялары мен ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназияларға;

- Атырау қаласындағы политехникалық колледжге -1;

- қала мектептеріне -2 жұмысқа орналасты.